ШҚО-да COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне байланысты 30 желтоқсанға дейін карантин шектеулері ұзартылды. Бұл облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО бас санитарлық департаменті халықты карантин талаптары мен жаңа қаулыдағы барлық шектеу талаптарын сақтауға шақырды.

Бүгінде COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған стационарларда төсек қорының толтырылу деңгейі 13,7%-ды көрсетіп тұр. Ал облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,8.

Еске салсақ, Қазақстанның бірнеше өңірінде карантин шектеулері жеңілдетілген болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!