Жөтелдің пайда болуына себепші негізгі факторлардың бірі жөтел деп саналады. Бірақ кейде жөтел басқа да қауіпті ауруларды білдіруі мүмкін. Сондай-ақ, ол қатты уайыммен немесе күйзеліспен байланысты болуы да мүмкін. Тұмаудан басқа жөтелді не шақыруы мүмкін?

Аллергия
Ағзаға түсетін микробты және микробты емес антигендер құрғақ жөтелдің пайда болуының себебі бола алады. Әдетте, аллергиялық жөтел қышу, көзден қайта-қайта жас ағу және көздің қызаруымен бірге жүреді. Аллергияны гүлдену, ойраншөп немесе микроскопиялық кенелер ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер шаңы, темекі түтіні және ауада тараған тазартушы құралдар да шақыра алады.

Асқорыту проблемасы
Майлы және ащы тамақты өте көп жеу жөтелдің және қышқылды рефлюкс — қыжылдың пайда болуына себепші бола алады. Бұл жағдайда түнде жөтелесіз және асқазан-ішек жолы жұмысының проблемасына жолығасыз.

Жүрек жеткіліксіздігі
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен ауыратын адамдар жиі құрғақ жөтелмен қиналады. Әдетте, ол белсенді физикалық еңбек немесе эмоционалдық жүктеме кезінде пайда болады. Жүрек проблемасы да түнде демікпе, бас айналу және кеуде тұсының ауыруын шақыруы мүмкін. Егер осындай белгілерді байқаған болсаңыз, бірден кардиолог маманына қаралу қажет.

Өте көп дәрі ішу
Барлық дәрілер бір-бірімен үйлесе бермейді, сондықтан оларды ретсіз ішу жөтелдің пайда болуына әкеледі. Дәрі ішкеннен кейін бірден пайда болған жөтел дәріні көтере алмайтындықты білдіруі мүмкін. Мұндай проблемалар орын алмас үшін препараттарды өздігінше ішуге болмайды. Дәрілік препараттарды тек дәрігер жазып беру керек.

Пневмония
Пневмония — саңырауқұлақтар, бактериялар немесе вирустар шақыратын жұқпалы ауру. Бұл аурудың пайда болуына әсер ететін факторларға жалпы иммунитеттің әлсіреуін, суықтап қалуды, созылмалы өкпе ауруын және темекі тартуды жатқызады. Қатты жөтел, демікпе және жиіленген тыныс алу — пневмонияның негізгі белгілері. Бірақ оны тек флюорографиялық зерттеу арқылы анықтауға болады.

Үйдегі құрғақ ауа
Үйдегі құрғақ ауа тері жағдайына жағымсыз әсер етіп қана қоймай, жөтелдің пайда болуына себепші бола алады. Егер үйдің ішіндегі ауа өте құрғақ болса, аңқаның шырышты қабығы семіп қалуы мүмкін. Ал ол созылмалы аурулардың, мысалы, бронхит, демікпе, ларингиттің дамуына әкеледі. Бұл проблеманы жеңудің ең қарапайым жолы — үйді жиі желдету, аптасына бірнеше рет ылғалды тазалау жүргізу және ылғалдандырғыш құрал сатып алу.

Жүйкелік жөтел
Уайымдау, мазасыздану және басқа да кез келген жүйкелік күйзелістердің себебінен ағза қозу күйіне енеді. Ол үздіксіз құрғақ жөтелдің пайда болуына себепші болады. Ол қатты уайым кезінде одан сайын ушыға түседі.

Туберкулез
Туберкулездің негізгі белгісіне өкпе ұлпасындағы қабыну процестерінің себебінен пайда болған созылмалы жөтел жатады. Бұл ауру ауа-тамшылы жолмен, соның ішінде жөтел арқылы да таралады. Туберкулез дамуының бастапқы стадиясында науқастан құрғақ жөтел ғана емес, сондай-ақ салмақ жоғалту, аздап температура көтерілу және тез шаршау байқалады.

Демікпе (астма)
Тыныс демікпесі — тыныс алу жолдарының созылмалы қабынба ауруы. Демікпенің негізгі белгілері — қатты құрғақ жөтел мен қиын тыныс алу. Демікпе жиі бала кезде пайда болады, бірақ дұрыс емделмесе, ол өскенде де сонымен қиналатын болады. Әдетте, демікпе тыныс алу патологиясы бар және аллергиялық ауруларға бейім адамдарда кездеседі. Дегенмен, демікпенің пайда болуына сыртқы факторлар да әсер етуі мүмкін. Мысалы: шаң-тозаң, темекі тарту, қатты күйзеліс, артық физикалық жүктеме.

Қалқанша без қатерлі ісігі
Жөтел — қалқанша без қатерлі ісігі белгілерінің бірі. Жөтелмен бірге мойын лимфа түйіндері ісіп кетеді, демікпе пайда болады және дауыс қарлығады. Қиын тыныс алу мен тамақта басқа бірдеңе бар секілді сезім де қауіпті аурудың барын білдіруі мүмкін. Сондықтан мұндай белгілерді байқаған кезде уақытында дәрігерге қаралу маңызды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!