Ал Ресейде вакцина қабылдамаған мәскеуліктер жұмыстан шеттетіледі. Тіптен, ол азаматтарға жалақы мен еңбек демалысы үшін ақы төленбейді. Әйтпесе бүкіл мекеме жұмысы үш айға тоқтатылады деп жазды Астана арнасы.

Билік мұндай шараларды эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты қабылдаған. Мәселен соңғы екі аптада Ресей астанасында COVID-19 өлімі бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Әсіресе жаңа үнді штаммы «дельта» өршіп тұр.

Өлім-жітімнің деңгейі алаңдатарлық, біз екі күннің ішінде күнделікті өлімнің рекордтық көрсеткішін тіркейміз. Ауру жұқтырғандардың 77% -ы еңбекке жарамды азаматтар. Мәскеуде барлық науқастардың шамамен 90% -ы жаңа мутациялық үнді штамын жұқтырған”, – деді Мәскеу мэрі Сергей Собянин.

Коронавирустың үнді штамы 90-ға жуық елдің аумағына еніп үлгерді. Германияда да осы типтегі науқастардың саны кем дегенде екі есеге артқан. Францияда да дельта вирусын жұқтырғандар көбейіп барады. Германия канцлері Ангела Меркель «дельтаға» байланысты Еуропа пандемиямен күресте қол жеткен барлық жетістіктерді жоғалту қаупі бар екенін айтты.

Ал дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кәмелет жасқа толмаған балаларға да вакцина салуға болатынын хабарлады. Сарапшылар Pfizer және BioNTech вакциналары 12 және одан жоғары жастағы балаларға өте қолайлы деген қорытындыға келген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!