Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов аудандық емхананың қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Аудандық емхананың бас дәрігері Еркебұлан Мақсұтов биылғы жылдың 8 айында ауданда денсаулық сақтау саласында атқарылған жұмыс барысына шолу жасады.

Айта кетейік, қазіргі таңда 33 190 аудан халқына – аудандық орталық аурухана, аудандық емхана,12 дәрігерлік емхана, 2 фельдшерлік – акушерлік бекет, 2 медициналық бекет медициналық қызмет көрсетеді.

Аудан әкімі мекеме басшылығына облыс және республикалық деңгейде біліктілікті арттыруға тапсырма берді. Сонымен қатар атқарылып жатқан жұмыстардың барлығын халыққа әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыра отырып насихаттауға ұсыныс тастады.

Аудан басшысы ақ халатты абзал жандардың қоғамдағы маңызын айта отырып жұмыстарына сәттілік тіледі.