Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 тергеу мекемесінде «Біздің есімізде», «Біз әрекет етеміз», «ЖИТС-қа қарсымыз» тақырыбында жеке құрам арасында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Түсіндірме жұмысын жүргізген ЖИТС-тің алдын алу және  оғван қарсы күрес жөніндегі орталығының дәрігер эпидемиологы Жанғабылов Нұрсұлтан Ерболұлы жүргізді.

Жыл сайын мамырдың он бесінен кейін әлем бойынша халықаралық ЖИТС – тен  қаза болғандарды еске алу күні болады. Мұны 1983 ж Сан- Францискода алңаш рет ЖИТС проблемасына жеке басы шалдыққан америкалық топ ұйымдастырған болатын.  Бұл күн сол ауруды жұқтырғандарды қолдау мен ЖИТС індеті біздің әрқайсымызға жұғуы мүмкін екендігінен қоғамды хабардар ету мақсатында өткізіледі. Қазіргі заманға сай медицина жетістіктерінің арқасында АИТВ инфекциясы секілді ауру кісі өліміне әкелетін разрядтан созылмалы разрядқа ауысты. Уақытылы антиретровирусты препаратпен емдеуді бастау және дәрігердің барлық нұсқауын сақтау арқылы АИТВ-мен өмір сүретін адамдар толыққанды әрі ұзақ өмір сүре алады. Осынау дәрілік препараттардың арқасында АИТВ оңды адамдардың өмір сүру сапасы, АИТВ-сы жоқ адамдардың өмір сүру сапасынан ешбір айырмасы болмайды. Оның үстінде бүгінгі таңда бұл дертті кез- келген дәріханалардан арнайы тест құралын сатып алып, өзіңнің статусыңды анықтап білуге болады- деді , дәрігер.  Арнайы маман кездесу соңында АИТВ инфекциясын  анықтауда  өзімен бірге алып келген аппаратты көрсетіп, жедел тест қою әдісі жайлы толығырақ  түсіндіріп берді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!