Студенттер мен жастардың үніне құлақ асып, оларды жұмыспен қамту – әр өркениетті қоғам мен мемлекет үшін маңызды міндет. Осы орайда Қызылорда медициналық жоғары колледжінде «Жұмыс берушілер» күніне байланысты «Жұмыс берушілермен ынтымақтастық – колледж дамуының негізі» атты айдармен жұмыс берушілер және бітіруші түлектер арасында  кездесу өткізілді. 

Іс-шараның негізгі мақсаты кадрларды даярлау сапасын арттыру және бітіруші түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету, жұмыс берушілермен одан әрі тиімді өзара іс-қимыл жасау болып табылады. 

Шара барысында колледждің бітіруші түлектері жұмыс берушілерге өздерінің болашақ жас маман ретінде көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

Сонымен қатар, колледж директоры Тасмағанбетова Салтанат Сейтқалиқызы, «Mediker Ondiris (Медикер Өндіріс)» клиникалық орталығы
директоры Бердекешова Гүлнар Алтайқызы және  «Q-med» клиникалық орталығының директоры Базарбай Раушан Ахметоллақызымен өзара әлеуметтік серіктес ретінде Меморандумға қол қойды.

Кездесу соңында жұмыс берушілер бітіруші түлектерге сәттілік тілеп, 95 жыл тарихы бар колледж мұражайымен, симуляциялық орталық жұмысымен және білім алушылар күшімен жасалған көрмемен танысты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!