«Төлен ата» мешітінің бас имамы Г.Бисенбаев ЗК-169/4 мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, тероризм мен діни-экстремизімді алдын алу бағытында түсіндірме жүргізді. Бас имамның айтуынша исламның негізін меңгерген адамның террорист болуын елестету мүмкін емес. Терорлық жолға түскен кісінің мұсылман болып қалуы неғайбыл. Дінде адам өлтіру арқылы ізгі мақсатқа қол жеткізу деген ұғым мүлде жоқ.

  • Елдің елдігін сақтау ата-бабамыз көрсеткен жарқын жолмен жүруде екенін түсінетін уақыт жетті. Осы тұрғыдан өткеніміз бен бүгінімізді саралауымыз қажет. Дінімізде мәңгі өзгермейтін ақиқат пен заман шарттарына бейімдеп отыратын құндылықтар бар. Соны қаперге ала отырып, тепе-теңдіктен ауытқымай дінді бір бүтін ретінде түсіндіретін ғалымдардың болуы маңызды,-деді «Төлен ата» мешітінің бас имамы Г.Бисенбаев.
    Басқосу соңында мекеме қызметкерлері өз ойларымен бөлісіп, нәзік тақырыптың күрделі жақтарын сөз етті.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!