фото: bbc.com
Иран Республикасында сырт киімін толық шешіп тастаған қыз қамауға алынды. Осылайша, ол паранджа киюге қарсылығын білдірген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Оқиға бойжеткен білім алып жүрген университет аумағында болған. Желіде тараған видеода киімін шешіп тастаған қыздың Telegaram-дағы парақшасынан университет кампусында отырғанын көруге болады.
Amnesty Iran дерегіне сәйкес, бұл жағдайдан кейін қызға зорлық көрсетілуі мүмкін. Сондай-ақ ол бұған дейін қауіпсіздік қызметі тарапынан хиджабты дұрыс кимегені үшін қудалауға ұшыраған.
Х желісінде тараған қыздың видеосы қоғамда қызу талқыға түсті. Кейбір жұрт оны «батылдығы үшін» мақтап, қолдау білдірген.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!