Әлеуметтік желіде танымал имам Нұрлан Байжігітұлы жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Ол елордадағы Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам болды.

Нұрлан Байжігітұлы жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Бісмілләһир-Раxманир-Раxим!

Алланың қалауымен, елдің ақ тілегімен бүгін Астанамыздағы “Алланың гүлі” аталып кеткен Ырыскелді қажы атындағы мешітке бас имам боп тағайындалдым. Бұл мен үшін қуанышты жаңалық!

Енді Астана жұртшылығымен және қала қонақтарымен осы мешітте жүздесеміз.

Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз берік, руханиятымыз тұғырлы болсын», – деп жазды желідегі парақшасына ұстаз.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!