ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңілдетілген автокөлік несиесін шетелде шығарылатын көліктерге беру туралы ұсынысты қабылдамады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа көліктердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған жеңілдетілген автонесие қайта іске қосылғаны хабарланған.

Ал «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының одағы министрліктің жеңілдетілген несиелерді тек отандық құрастырылған көліктерге беру ұсынысымен келіспеген еді және жеңілдетілген автокөлік несиесін импортталатын көліктерге беруді ұсынған болатын.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!