Фото ашық дереккөзден алынған

Жасанды интеллект (ЖИ) – дамып келе жатқан технология. Яғни адамның ойлауын, үйренуін тағы да басқа қабілетін техника арқылы жеткізу десек болады. Әйтсе де, жасанды интеллектінің араласпайтын саласы жоқ тәрізді. Ғаламторды ашсаң, алдыңнан сау етіп шыға келетін үйреншікті жағдайға айналып барады.

Қазіргі таңда ЖИ-дың ауқымы кеңейіп, түрлі түрі шығып, дамуын жалғастыруда. Тіпті адамдар осы ЖИ арқылы өз кәсібін ашып, істің оңайын тауып жатқан тәрізді. Бұл кез келген істен тиімді тетік таба білу шығар… Бұл әр адамға болашағын көркейтуге көмегін де тигізеді.

Сонымен қатар жасанды интеллектіні әр мамандық иесі қолдана алады. Қажет десеңіз, мектеп оқушылары да білмеген ақпараттарын сұрап, сөздік қорын жақсартса болады. Мысалы дәрігерлерге диагноз қоюда көмектеседі, ауруларды ерте анықтайды. Кейбір оталарды роботтар қауіпсіз жасай алады. Өздігінен жүретін көліктер көбейді, осының арқасында болашақта жол апаттары да азаяды деген сенім бар.

Бірақ… Бірақ дегенді осы жерде айтамыз. Жасанды интеллектіге қазіргі жастардың 90 пайызы тәуелді. Олар ЖИсіз ойларын толық жеткізе алмайды, тіпті өздері біліп тұрған ақпаратқа сенімсіз болып, жасанды интеллектіден дұрысын сұрайды. Бұл жастардың дамуына көмектескенімен, ойларының дамуына көмектеспейді. Тіпті зиянын тигізеді, ойлау жүйесін тежейді.

Сондықтан тым қатты берілмей, біліміңізді шыңдап, ойлап үйренуге тырысайық. ЖИ шығуына байланысты болашақта кей адамдар жұмыссыз қалуы да ғажап емес. Себебі дамып жатқан технология бар да мамандар жұмыссыз қалуы мүмкін. Жасанды интеллект – болашақтың басты технологиясы. Ол өмірді жеңілдетеді, бірақ оны дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалану маңызды. Пайдалы жағы мен зиянды жағын ажыратып білген де дұрыс. ЖИ-ге еріп өзіміздің жеке тұлғалығымызды жоғалтып алмайық.

Кәусар АБДРАСУЛ,

№276 орта мектептің оқушысы,

Қазалы ауданы

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!