28 қазанда Марк Цукерберг Facebook Connect 2021 онлайн презентациясында Мета туралы айтты. Компанияның VR және AR саласындағы кейінгі жетістіктері, мета-әлемді дамыту жоспарлары, сондай-ақ компанияның атауы туралы біраз мәселе қозғалды. Компания енді өзін әлеуметтік желімен емес, мета-әлеммен байланыстырғысы келеді.

♦ Facebook мета-әлемді дамытуды жоспарлап отыр. Мета-әлем – бұл VR және AR технологияларын қолданатын виртуал әлем;

♦ Пайдаланушылар виртуал әлемде аватар арқылы бір-бірімен байланысады. Бұл 2018 жылы үлкен экранға шыққан Стивен Спилбергтің «Бірінші ойыншы дайындалсын»  (Ready Player One) фильмін еске салады.

♦ Мета-әлемде голограммалар түріндегі «қалыпты» интернеттің барлық мазмұнын көруге болады.

♦ Facebook жеке жұмыс орнын құру үшін Horizon Workrooms қызметін және Horizon Home виртуал үйін ұсынады.

Ойындар және фитнес

♦ Көптеген жаңа ойындар VR-де пайда болады. Цукерберг Oculus Gaming Showcase көрмесінде олар туралы айтуға уәде берді;

♦ Мета-әлемдегі әртүрлі орындардағы пайдаланушылар вртуал шындықпен ойындар ойнай отырып, сонымен  бірге спортпен айналыса алады;

♦ Ойындар мен жұмыс үшін бөлек тіркелу мен аватарлар қолдануға болады;

Мета-әлемдегі білім

♦ Мета-әлемде білім беру интерактив форматта болады. Медицина мамандары виртуал шындықта тәжірибе жасап, ал болашақ астрономдар ғарыш нысандарын мұқият зерттей алады;

♦ Пайдаланушылар автокөліктің 3D үлгісін жүктеп, құрылысшылар үйдің жөндеу үшін тәжірибе жасай алады, сондай-ақ голограммалар арқылы күн жүйесінің планеталарын зерттеуге болады;

♦ Facebook осыған арналған өз көзілдірігін ұсынады.

Жаңа экономика

♦ Қызметтерге ақы төлеу адамдарды алыстатады. Сондықтан Facebook өз қызметтерінің бағасын азайтуды немесе төлемдерден бас тартуды жоспарлап отыр;

♦ Пайдаланушыларға арнап әлемдер мен жеке заттарды жасау үшін мета-әлемде авторлардың жаңа түрі пайда болады; 

♦ Facebook кәсіпкерлерге тұтынушылармен өзара әрекеттесу үшін жаңа платформалар ұсынады.

Cambria жобасы

♦ Facebook мета-әлемде байланыста болу үшін жаңа «ақылды» көзілдіріктермен жұмыс істейді;

♦ Project Cambria деп аталатын AR көзілдірігі 2022 жылы шығарылады;

♦ Қыркүйек айында Рэй Банмен бірге «ақылды» көзілдіріктермен жұмыс істеу пайдаланушыларды смартфон экранынан алыстатудың алғашқы қадамы болды.

Жаңа атау

♦ Facebook барлық күш-жігерін мета-әлемді дамытуға бағыттайды;

♦ Компанияның атын Meta деп өзгертудегі мақсат – өзін әлеуметтік желімен емес, мета-әлеммен байланыстыру;

Трансляцияны Facebook және YouTube-тан қайта көруге болады.

massaget.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!