Еуропа Одағы тамыз айынан бастап 19 онлайн-платформаға, соның ішінде әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелеріне бақылауды күшейтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еурокомиссия сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін комиссия «Цифрлық қызметтер туралы» заң (DSA) бойынша алғашқы шешімін қабылдады. Ол 17 ірі онлайн платформаны және ай сайынғы белсенді пайдаланушылардың саны кемінде 45 млн-ға жететін екі негізгі онлайн іздеу жүйесін анықтады» делінген хабарламада.

25 тамызға қарай бұл платформалар Цифрлық қызметтер туралы заңға сәйкес жаңа міндеттемелерді орындауға тиіс.

Бұл міндеттемелер интернет пайдаланушыларын, соның ішінде кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған.

Атап өткенде, мына платформаларға бақылау күшейтіледі:

Alibaba AliExpress,

Amazon Store,

Apple AppStore,

Booking.com,

Facebook,

Google Play,

Google Maps,

Google Shopping,

Instagram,

LinkedIn,

Pinterest,

Snapchat,

TikTok,

Twitter,

Wikipedia,

YouTube,

Zalando,

Bing,

Google Search.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!