Жыл басынан бері облыста 16 адам суға кеткен.

Қызылорда облысында 20 жастағы жігіт Сырдария өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 29 маусым сағат 18:30 шамасында Қармақшы ауданы 102-ші разьезд тұсында болды.

Төтенше жағдайлар қызметіне 20 жастағы бозбаланың сол аумақтағы Сырдария өзеніне батып кеткені жөнінде хабар түсті.

«Аталған шақырту бойынша Арал ауданы Қамыстыбас елді мекенінде орналасқан құтқару бөлімшесінен 4 құтқарушы, бір техника, үрлемелі қайық және 2 жинақ сүңгуір жабдығымен жұмылдырылды. Суға батқан азамат 2003 жылы туған, Қармақшы ауданы Ақай ауылында тұратыны белгілі болды. Жас жігіт «Болашақ» университетінің екінші курсында оқып жүрген. Сүңгуірлер 22.35-те іздестіру жұмысын аяқтады. Бұл жолы ешқандай нәтиже болған жоқ. Бүгін, 30 маусым күні 4.35-те іздестіру жұмыстары қайта жалғасты», – деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыста 16 адам суға кеткен.

Фото: inform.kz

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!