Фото: sputnik
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қаракөл көліне ұшқан алғашқы қоқиқаздарды жергілікті тұрғын Азамат Сәрсенбаев видеоға түсірген.
Желі қолданушылары қызғылт қоқиқаздың қауырсындары ерекше және сұр түсті болып көрінгеніне таң қалды. Дегенмен блогердің өзі бұл сауалға жауап берген.
Қоқиқаздар неліктен сұр түсті? Бұл олардың табиғи түсі. Олар өсе келе, яғни тамақтануына байланысты қызыл немесе қызғылт болып түсі өзгереді, – деп жазды ол.
Бір қызығы, қоқиқаздар Ақтауға жылына екі рет ұшып келеді. Олар қыркүйекте ұшып келіп, қарашаның соңына дейін қалады, сонан соң наурызда қайта оралып, мамырдың соңына дейін сол маңды мекендейді.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!