Қаратал аудандық сотының шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған.

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында Қызыл кітапқа енген балықты аулаған браконьер 3 жылға сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Polisia.kz мәліметінше, осы жылдың қыркүйек айында Үштөбе қаласының маңындағы тас жолда полиция қызметкерлері 43 жастағы ер адам басқарған BMW X5 көлігін тоқтатты. Көлік салонынан заңсыз ауланған балық табылды. Тәркіленген балықтардың бірі Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген болып шықты. –

Сараптама тәркіленген заттың бекіре тұқымдас балық екенін растады. Ер адам облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Шығын шамамен 3 млн теңгені құрады. Тергеу материалдары аудандық сотта қаралды, – деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының басшысы Бағлан Рымжанов.

Қаратал аудандық сотының шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, үш жылға сотталды.

Сондай-ақ сотталған ер адам 3 млн теңгеден астам сомаға материалдық залалды және сот шығындарын төлейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!