Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр.

Павлодар облысында автогаз құю бекетінің 4 цистернасынан өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Облыстық ТЖД мәліметінше, өрт Екібастұз қаласындағы автокөліктерге автогаз құю бекетінен шыққан.

Өрт жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты. Өрттің көрші ғимараттарға, жолдан кейін 100 м қашықтықта орналасқан меншік үй секторларына өту қаупі бар, – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеп жатыр.

Сағат 15.00-де түскен ақпаратқа сүйенсек, қазіргі сәтте өртт оқшауланды.

«Өртті сөндіру жалғасып жатыр», – делінген ТЖД Хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!