Тіршілік атаулыға жан бітетін көктем сенбілікпен жаңғыра түседі. ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті де игі істен бір сәт шет қалған емес. Олар дәстүрлі шараны бұл жолы да жалғастырды.

«Таза үй, таза аула, таза көше кімнің де болсын еңсесін көтеріп, жақсы көңіл-күй сыйлайды. Сол үшін әр адам сенбілікке салғырт қарамауы тиіс» деп есептейтін ұжым абаттандыру, тазалау жұмысын қарқынды жүргізді. Аулаларды қоқыстан тазартып, топырақты қопсытып, ағаш түптерін әктеді. Жеке құрам департамент аумағы мен сыртқы көше маңайына 300 терек, 300  түрлі жапырақты ағаш пен 200-ден астам жеміс көшетін отырғызды. Осылайша, «ортақ үйдің» әсемденуіне жұмыла кірісті.

Олардың айтуынша, өзін, отбасын сыйлайтын адам тазалық жұмысын жылдың барлық мезгілінде жүргізеді. Сәйкесінше қаланың әр тұрғыны өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстаса, бұл – оның қала тазалығына қосқан үлесі. Ал табиғатты қастерлеу мен бағалау сенбілік жұмысынан байқалады.

Т.СЕРІКҚАЛИЕВ,

ҚР ҰҚК ШҚ ӘАҚБ офицері, капитан

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!