Алдағы наурыз мерекесінде облыстағы коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істейтін болады. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте коммуналдық қызметтің жауапты өкілдері демалыс күндердегі жұмыс жоспарларымен бөлісті. -Облыс тұрғындарын алдағы мереке күндері үздіксіз және авариясыз табиғи газбен қамтамасыз ету үшін тәуліктік кезекшілік ұйымдастырылды. Барлық кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істейді. Электр энергиясы мен ауыз су үздіксіз берілуі облыстық штабтың тұрақты бақылауында. Сонымен қатар қала тұрғындарын ауыз сумен Қызылжарма және жер асты су кені арқылы қамтылады, – деді облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Берік Сәрменбаев.- Алдағы мереке күндеріне орай біздің мекемеде арнайы кесте бекітілді. Қала бойынша электр энергиясы – 50 МГв берілсе, жылу энергиясы 60-65 градус шамасында болады. Сондай-ақ, қала бойынша сегіз бөлімше 24 сағат бойы тоқтаусыз қызмет етеді, – деді «Қызылорда жылу электр орталығы» директоры Наурыз Сатханов.- Облыс тұрғындарын кедергісіз табиғи газбен жабдықтау мақсатында тәуліктік кезекшілік бекітілді. Егер үйіңізде газға байланысты мәселе туындаса 104 апаттық-диспетчерлік қызметі кез келген уақытта көмектесуге әзір, – деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ КӨФ апатты-диспетчерлік қызметінің басшысы Базарбек Ерімбетов.- Наурыз айының 19-25 аралығында жұмысшылар тобының кестесі бекітілді. Қала және аудандарда апаттық жедел шығу бригадасы құрылған, – деді «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Дінмұханбет Әбдіреев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!