Қостанай шипажайындағы емдік қасиеті бар көл балдырлардың кесірінен батпаққа айналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қостанайдағы «Сосновый бор» шипажайындағы минералды көл қатты ластанған. Туристердің айтуынша, емдік су қоймасына түсу мүмкін емес, себебі маса мен балдырдың кесірінен адам көргісіз күйде.

«Бұл балдырларға масалар ұя салып тастаған. Көлдің бәрі лас», – деді турист.

Санаторий иелері бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ.

Экологтар «Сосновый бор» санаторийіндегі көлде жергілікті шенеуніктер  қорғау аймағын орнатпағанын, сол себепті экологиялық апатты тіркеу мүмкін емес екенін айтты. Жергілікті билік су қоймасының иесімен түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз деп уәде берді.

«Қазір барлық ақпаратты дайындаймыз, жергілікті атқарушы органдарға жазамыз, сондықтан олар өз құзыреті шеңберінде тазарту, ластануды болдырмау бойынша іс-шаралар өткізеді», – деді Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы бөлімінің басшысы Сергей Мұқашев.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!