Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысты жасырды деген күдікпен экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық экономикалық тергеу департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол Петропавл ауыр машина жасау зауытының лауазымды адамдарының 45 млн теңге көлемінде пара алу жағдайын анық біле тұра, азаматтық-құқықтық мәмілені желеу етіп, бұл фактіні жасыруға тырысқан деген күдікке ілінді.

«Адвокаттар қоғамдастығынан келіп түскен өтініштерге байланысты ол зейнеткерлікке шыққаннан кейін адвокаттық практикамен айналысатынын, елордалық адвокаттар алқасының мүшесі екенін атап өтеміз. Сонымен қатар, ұстау кезінде оның осы қылмыстық іс бойынша қорғаушы мәртебесі болмаған және әлеуметтік желілерде жазылғандай, процеске қатысушыларға адвокаттық қызмет көрсетпеген», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.Экономикалық тергеу қызметінің бұрынғы қызметкеріне және пара алды деген күдікке ілінген тағы екі адамға қатысты соттың санкциясымен екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.»Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының негізінде өзге ақпарат жария етілмейді», – деп атап өтті Солтүстік Қазақстан облысының экономикалық тергеу департаменті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!