Оның бірнеше себебі бар.

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматы қонақ үйлерінде орын жоқтығын жазып, мұның саяси астарын іздеуде, деп жазды Inbusiness.kz.

Booking.com сынды тұрғын жай брондау сайттарындағы хабарландыруларға сүйенсек, расымен шаһар қонақ үйлерінде орын жоқ. Мұның себебін білу үшін олардың қабылдау бөлімдеріне қоңырау шалдық.

Бизнес иелері соңғы күндері шетелдіктер көбейгенін ғана айтып, өзге ақпараттармен бөлісе алмайтындарын алға тартты.

Желі қолданушылары мұны 21 қыркүйек Ресей Президенті Владимир Путиннің ішінара мобилизация туралы заңға қол қоюымен байланыстыруда.

Бүгінде Қазақстан мен Ресей шекарасында адам қарасы да, көліктер саны да артқан. Мұны ҰҚК Шекара қызметі растады.

Қонақ үйлерге сұраныстың күрт артуының тағы бір себебі бар. 23 қыркүйек Алматыда Димаш Құдайгергеннін жеке кеші өтеді.

Қаланың туризм басқармасы да шетелдіктердің көптеп келе бастағаны туралы ақпаратты растады.

«Шетелдік туристердің ағылуына байланысты Алматы қонақ үйлерінде жұмыс көп. Олардың арасында 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматыда концерт беретін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері де бар», – деп хабарлады басқарма.

Концерттерге билет сататын сервистердің деректеріне сүйенсек, аталған кешке 50 елден келетін туристерге 21 000-ға жуық жолдама сатылған.

«Бүгінгі күні Алматыда туристік ағынның артқанын да атап өтеміз. Жыл соңына дейін қалаға 300 мыңнан астам шетелдік турист келеді деп күтілуде», – деп толықтырды ведомстводан.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!