Елімізде пәтерлердің құ­ны бір жыл ішінде 13%-ке дейін өсті. Зейнетақы жи­на­­ғындағы қаражатты жыл­жы­майтын мүлік жағдайын жақсартуға пайдалануға бай­ланысты баспана бағасы қым­баттады. Қазір екінші нарық­тағы баспана бағасының шар­шы метрі – 230 мыңға артты.

Жылжымайтын мүлік агенттігі тобының бас директоры Айнұр Құдайбергенованың айтуынша, баспананы сатуға қойған адамдар оның бағасын негізсіз көтеріп отыр. Бұрын шамамен 12 млн болған баспана бағасы бүгінде 13,5-15 млн-ға бағаланған. Экономистер жинақтағы соманы ала алатын азаматтар саны 700 мыңнан астам, яғни халықтың небәрі 6%-і екенін алға тартты. Десе де нарықта баспана бағасы өсуде. Бір жыл ішінде Павлодар және Қарағанды қалаларында өсім байқалады. Осы ретте, мамандар баспана алуға асықпауға кеңес береді. Жылжымайтын мүлікті максималды құны бойынша сатып алу қаупі тым жоғары. Жаз мезгілінде бағалар бұрынғыша болуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!