фото: ашық дереккөзден алынды

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында жексенбі күні жолаушылар пойызында болған жарылыс салдарынан кемінде 24 адам қаза тауып, тағы 82 адам жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мерекеге байланысты үйлеріне қайтып бара жатқан құқық қорғау органдары қызметкерлері отырған пойыз Кветтадағы әскери лагерьден шыққан. Жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 08:05-те жарылыс болған, деп мәлімдеді дереккөздер.

Жарылыс салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кеткен, олардың екеуі өртенген. Сондай-ақ жақын маңда тұрған көліктер де зақымданған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалар бар екені айтылды.

57 жаралы әскери госпитальға, тағы 25 адам Кветтадағы азаматтық ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала тергеу нәтижесіне сәйкес, жанкешті 70 келіден астам жарылғыш зат тиелген автокөлікті жарып жіберген, деп хабарлады дереккөздер.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!