Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік сатып алуда бір литр сүтті 14,5 млн теңгеге бағаланған келеңсіздікті анықтады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлері қоғам белсенділерімен бірлесіп мемлекеттік сатып алуға байланысты тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Ол мемлекеттік сатып алу бағасын жасанды көтерумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған шара барысында Қармақшы аудандық № 275 орта мектебі мемлекеттік сатып алу порталында 1 күртешені 1 670 143 теңге көлемінде бағалаған. Сол арқылы барлығы 208 767 875 теңгеге 125 күртеше сатып алу жоспарлаған. Анықталған кемшілік бойынша ұсыныс жолданды.

Нәтижесінде 1 күртенің бағасы 16 701 теңгеге дейін түсірілген. Жалпы сатып алу соммасы 2 087 678 теңгені құрады. Мемлекетке 206 680 197 теңге кері қайтарылды. Сондай-ақ, Шиелі аудандық білім бөлімі 1 литр табиғи сүтті 14 577 000 теңге сатып алуды жоспарлаған. Нәтижиесінде жоспарлы бағасын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолданып, 1 литр табиғи сүттің бағасы 223 теңгеге түсірілді. «Биылғы жылдың 2 айының қорытындысымен 17 мекемеге ұсыныс жолданды. Нәтижиесінде жалпы соммасы 351 230 304 теңге үнемделді. Аталған қаржылар білім, денсаулық және өзге де салаларға қатысты болып отыр», – деп мәлім етті департаменттен. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қаржы басқармасының іс-әрекетінен монополияға қарсы заңбұзушылық анықталды

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!