Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ветеринар мамандардың жалақысы көтерілетінін айтты.

Министрдің айтуынша, мал дәрігерлерінің орташа жасы – 40-55 жас.

«Ветеринария саласында жас, жоғары білікті кадрлар жетіспейді. Жас мамандар мал дәрігері болуға қызықпайды. Орташа есеппен ветеринарлардың жалақысы 33,4%-ға өсті. Биыл жыл соңына дейін одан әрі 60%-ға дейін ұлғайту жоспарымызда бар. Жалақы өңірлерге байланысты 80 мың (Қызылорда облысы) мен 206 мың теңге (Павлодар облысы)  аралығында төленеді. Бірақ ол жеткіліксіз», – деді министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!