Доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10, 52 теңгеге төмендеді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 483, 74 теңге. Ұлттық банктің 28 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 494, 16 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 477,19 теңге, сатып алу – 482,52 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 478,18 теңгеден болса, сатып алу құны – 483, 73 теңге.


 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!