Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 13-ші наурыз кешімен салыстырғанда 0, 22 тиынға өскен. АҚШ долларының орташа бағамы 511, 06 теңге болды. Ұлттық банктің 14 наурыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 510, 79 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 514, 92 теңгеден сатылса, сатып алу – 519 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 517,56 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 519, 20 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!