Қызылорда қаласының әкімі Ғанибек Қазантаев кент ақсақалдарымен бірге жаңадан орнатылған аяқ су айдау насосын іске қосты.
Тасбөгет кентіндегі жаңа насос қондырғысын орнатуға облыстық мәслихат депутаты Бауыржан Сандыбаев демеушілік жасады. Кент аумағын аяқ сумен қамту мақсатында салынып жатқан бұл үшінші қондырғы болатын. Бұдан бөлек 2 су айдау насосы тұрақты жұмыс істеп, 17 көшені қамтып отыр. Жаңа қондырғы Е.Бозғұлов көшесі бойындағы көпқабатты үйлер ауласын, облыстық балалар ауруханасы, сондай-ақ облыстық «Дарын» мектеп-интернаты аумағын қамтиды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!