Егер сіз Отбасы Банкінен несие алған болсаңыз, онда сіздің салықты азырақ төлеуге құқығыңыз бар.
Бұл жағдайда, Салық кодексінің 349 бабына сәйкес, несие бойынша пайыздарды өтеу сомасына тең Сіздің жалақыңыздың сомасына жеке табыс салығы (ЖТС) салынбайды.
Ол үшін өз жұмыс берушіңізге төмендегі құжаттарды ұсыну қажет:
ҚТҚЖБ-мен банктік заем шартының көшірмесін;
Өтеу кестесінің көшірмесін;
Өтеуді растайтын құжатты (төлем туралы чек немесе түбіртек, немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен үзінді көшірме).
Егер сіз осы жеңілдіктер жөнінде білмесеңіз және олардың қолданылуына қатысты өтініш табыстамасаңыз, уайымдамаңыз. Өтініште заемды өтеген, бірақ та жеңілдіктер қолданылмаған кезеңді (бірақ тек соңғы бес жыл аралығында) көрсетіңіз. Осы жағдайда сіздің жұмыс берушіңіз қайта есептеуді жүргізіп, сізге айырманы қайтаруға міндетті.
Салық Қодексінің 349 бабына сәйкес, аталған жеңілдік ҚР резиденті емес тұлғаларға қолданылмайды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!