Kyzylorda-news.kz. «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірде биыл 300 млн. теңгені құрайтын 10 жоба қолдау тапты. Тағы 2,3 млрд. теңге болатын 9 жоба қаржы институттарының қарауында. Жалпы бағдарлама қолға алынғаннан бері облыста 8,6 млрд. теңгенің құрайтын 119 жоба қаржыландырылды.

«Осы жобаларды іске асыру арқылы бетон құбырлары, жемшөп өнімдері, ұзақ уақыт сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін құру, жиһаз өнімдерінің ассортиментін кеңейту күтілуде», – деді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев

Облыста Индустрияландыру бағдарламасы аясында құны 542,9 млрд.теңгені құрайтын 41 жоба жүзеге асырылуда. Бұның ішінде биыл 48,5 млрд. теңгені құрайтын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Атап айтсақ, шыны зауыты, түйе сүтінен құрғақ ұнтақ жасау өндірісі, құс фабрикасы, және ас тұзы өндірісі.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!