Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКҚ) жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттерінің жекелеген түрлері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап стандартты өтеу мерзімі 3 және 6 ай жинақ салымдары бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі 2%-ға , ал 12 ай стандартты өтеу мерзімі бар жинақ салымдары бойынша 1%-ға ұлғайтылды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!