Қазақстандағы тұрғын үй бағасы 10 процентке дейін арзандауы мүмкін, – деп жазады 24.kz.Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Анель Мұқатованың айтуынша, баспана бағасы қолжетмсіз.Қазан айында жаңа үйлердің орташа құны шаршы метрі үшін 305 мың теңгеден асты. Өткен айда астанада жасалған 5000-ға тарта келісімнің жартысынан көбі ипотекалық бағдарламалар арқылы рәсімделген. Жылжымайтын мүлік агенттігі арқылы келіссөздер негізінен екінші нарықтағы үйлерге байланысты жасалды. Көпшілік мұндай үйлерді 11 процентке қымбат алуға мәжбүр болды. Сол себепті болар келісімдер алдыңғы айға қарағанда 9 процентке аз рәсімделген. Айта кетейін, келесі жылы бас қалада 10 мың әлеуметтік пәтер пайдалануға беріледі.Жылжымайтын мүлік нарығының сарапшысы Анель Мұқатова: «Нұр-Сұлтанда өткен айда жылжымайтын мүлік бойынша 4780 сату-сатып алу келісімі жасалды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл алдыңғы аймен салыстырғанда 9,6 процентке аз. Десе де, агенттік көрсетететін қызметтер үлесі артқан. Оның 60 проценті ипотекалық келісімдер болды. Ипотекалық несиелеу негізінен екінші нарықтағы үйлерге тиесілі», – дейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!