Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 15 наурыз кешімен салыстырғанда 3,44 теңгеге төмендеп, 1 доллар 508, 73 теңге болды. Ұлттық банктің 16 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 512,19 теңге. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 514,99 теңге, сатып алу – 520 теңге. Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 515 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 520 теңге.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!