12 қазан күні сағат 20.00-ден бастап 13 қазан күнгі сағат 06.00-ге дейін қаланың, Тасбөгет кентінің және «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарының орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне жоспарлы жуу, шаю және залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. 

Осы жұмыстарға байланысты 12 қазан күні кешкі сағат 22.00-ден сағат түнгі 24.00-ге дейін қаланың және Тасбөгет кентінің орталық ауыз су жүйелеріне, сонымен қатар, сағат 20.00-ден 22.00-ге дейін  «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарының орталық ауыз су жүйелеріне ауыз су беру уақытша тоқтатылатын болады.

Тұрғындардан ауыз суды пайдаланар алдында кранды ашып хлордың иісі толық кеткенше суды пайдаланбауды сұраймыз.

Ведомстволық мекемелерде 2023 жылы 13 қазан күні сағат таңғы 06.00-ден бастап суды ағызып хлордың иісі толық жойылғанға дейін жауапты кісілерді бекіту қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!