Коллаж Ulysmedia

Ресейлік «Лукойл» мұнай компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытын сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz дереккөздеріне сәйкес, егер АМӨЗ сатып алуға «Лукойл» компаниясы қызығушылық танытса, Павлодар мұнай-химия зауытын сатып алу туралы «Газпром» басшылығы ойланып отыр.

«Argus Каспий нарығы» басылымы салалық дереккөздерге сілтеме жасай отырып, мемлекет алдағы екі жылда Атырау және Павлодар МӨЗ-ін жекешелендіруді жоспарлап отырғанын жазады.

«2025 жылы бірыңғай энергетикалық нарық болады. МӨЗ-ді жекешелендіру сәл ертерек. ЖЭО-ны жекешелендіру инвестордың ҚДБ-дан әрдайым ақша ала алатынын, сәйкесінше асықпайтынын көрсетті», – деп топшылайды Ulysmedia.kz. дереккөздері.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!