Cенат депутаттары салықты 4%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік беретін заң жобасын мақұлдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Cенатта «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексін қолданысқа енгізу туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Сенатор Бекболат Орынбеков заң жобасын талқылау барысында құжатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындағанын айтты. 

Құжат бөлшек салық бойынша арнаулы салық режиміне қатысты бірнеше бағытты көздейді: 

  • Режимді 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайдалану мүмкіндігін беру;
  • Салық кодексінің бөлшек сауда жөніндегі тарауының қолданысын қалпына келтіру;
  • Қызмет түрлерін қоғамдық тамақтану саласы ғана емес, Үкімет қаулысымен айқындалатын тізбесімен кеңейту;
  • Бөлшек салық режимін қолдану мерзімінің белгісіздігі;
  • Салық мөлшерлемесін 6%-дан 4%-ға дейін төмендету;
  • Мәслихаттарға мөлшерлеменің 50%-ға, яғни 4%-дан 2%-ға дейін төмендету құқығын беру;
  • Заңды тұлғаларға тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан және қызметтер көрсетуден түскен кірістер бойынша 8%-ға мөлшерлеме белгілеу;
  • Осы арнаулы режимін қолдану өлшем шарттары: жұмыскерлердің жалпы орташа саны 200 адамнан және жылдық кірісі 600 мың АЕК-тен (2 млн 70 мың теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) аспауға тиіс.

Депутаттың сөзінше, салықтың көрсетілген сараланған мөлшерлемесін  қолдану үшін салық төлеушілер бөлек салық есебін жүргізуі тиіс.

«Жеке инвесторларды стрестік активтерді сатып алушылар тізіміне енгізу, резидент инвесторлардың салықтарды кассалық әдіс бойынша төлеу барысында салық режимінің пайдалануын, яғни кодекстің 233-бабы 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес, борышкер төлеген сомма мен қарыз (микрокредит) бойынша талап ету құқығын сатып алу құны арасындағы оң айырманың қолданылуын көздейді”, – деді депутат.

Сонымен қатар бейрезидент инвесторлар үшін, қазіргі уақытта кодексте салық салудың жекелеген тәртібі көрсетілген.

“Онда есепке жазу әдісін қолдануды және тиісінше толық алынбаған кірісті қоса алғанда, бүкіл табыстан салық төлеуді міндеттейді. Бұл бейрезидент шығыстарының ұлғаюына және стрестік активтердің инвестициялық тартымдылығының төмендеуіне алып келеді. Стрестік активтерді сатып алушы резиденттер мен бейрезиденттер арасында салық салу шарттарын теңестіру мақсатында, бейрезидент сатып алушыларға резидент сатып алушылар үшін көзделген салық салу тәртібіне ұқсас әдісті қолдануды талап ететін, Салық кодексінің 644 және 645-баптарына түзетулер енгізілді», – деді Бекболат Орынбеков.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!