«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен 13,5% деңгейінде белгілеу туралы кезектен тыс шешім қабылдады. Шешім 2022 жылғы 24 ақпанда күшіне енеді» делінген Ұлттық банкі таратқан хабарламада.

Ұлттық банк бұл шешімге қатысты кейінірек толық мәлімет тарататынын мәлемдеді.

Айта кетсек, қаржы нарығында теңге құлдырап, 1 доллардың теңгеге шаққандағы құны 452,49 теңгеге жеткен болатын. 

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!