Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңге бөлінетінін айтты. «Эконом класындағы отандық автомобильдерді сатып алу үшін жеңілдетілген автонесие бағдарламасына 100 миллиард теңгеден астам қаражат бағытталады», – деді Смайылов үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, елорданы өңірлермен байланыстыратын тасжолдарды сәулелік принцип бойынша одан әрі қайта жаңғырту қарастырылған. Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, жерге, газға, суға, электр қуатына тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

«Көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасының утильалым мөлшерлемесі олардың төмендеуіне қарай өзгереді», – деді премьер-министр.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!