ЖАЛАҒАШ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ «ЖАЛЫН» ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

         1. Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы(бұдан әрі – Сыйлық) Қазақстандық патриотизмді арттыруға елеулі үлес қосқан аудандағы жас дарынды белсенділерді қолдау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар, Сыйлық талантты жастарды ынталандыру және олардың айрықша сіңірген еңбегін тану мақсатында беріледі.

  • СЫЙЛЫҚТЫ БЕРУ ТӘРТІБІ

1. Сыйлықты беру мақсаты:

  1. Аудан жастарының бірлігін нығайту, жастар арасындағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету;
  2. Жастарды жан-жақты дамыту, жастар ортасында мемлекеттік тіл мен мәдениетті, өнер мен дәстүрлерді, тарихи мұраны насихаттау;
  3. Ауданның жас патриоты бейнесін көпшілікке таныстыру.

         2. Сыйақыларды тағайындау және дипломдарды тапсыру рәсімі жыл қорытындысымен байланыстырылып беріледі.

  1. Сыйлық иелерін анықтау және сыйлықтарды тағайындау комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімімен жүзеге асырылады.
  2. Комиссия құрамына аудан әкімінің орынбасары, депутаттар, жастар ұйымдарының және  үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сала мамандары, БАҚ өкілдері кіре алады.
  3. Байқаудың жұмысшы органы Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) болып табылады.
  4. Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер барлық тұлғаларға танысу үшін ұсынылады және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
  5. Сыйлықты бұрын жеңіп алған жеңімпаздар байқауға қайта қатыса алмайды.
  6. Сыйлық жылына бір рет, Комиссия шешімімен белгіленген номинациялар бойынша тағайындалады.
  7. Үміткердің бір ғана өтінім беруге құқығы бар.
  8. Сыйлықтың әрбір номинациясы бойынша ақшалай мөлшерiн тапсырыс беруші мекеме жыл сайын белгiлейдi.  
  9. Байқауға жіберілген материалдар қайтарылып берілмейді.
  10. Байқау жеңімпазына «Жалын» жастар сыйлығының дипломы, ақшалай сыйлығы (әр жеңімпазға 50 000 теңге) беріледі.

3. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

         1. Байқауға қатысушылар:

Сыйлықты алуға үміткер ретінде 16-29 жас аралығындағы жоғары кәсіби жетістіктері бар Жалағаш ауданының жастары бола алады. 

Сонымен қатар өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады.

«Жалын» жастар сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша ауданның дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:

  • өз саласы бойынша (мемлекеттік қызмет, білім және ғылым, мәдениет, медицина, кәсіпкерлік, еріктілік, қоғамдық қауіпсіздік және спорт және тағы басқа салалар) жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
  • әлеуметтік маңызды жобалар және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
  • мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
  • жеке басының жетістіктері;
  • аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз атануы.

«Жалын» жастар сыйлығы ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды. Жалағаш ауданы жастарына арналған сыйлық 10 (он) жасқа сыйлық көлемі50 000 (елу мың) теңге тағайындалады және бір адамға екі мәрте қайта берілмейді.

Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы үш кезең бойынша ұйымдастырылады:

  • бірінші кезең: үміткерлердің құжаттарын қабылдау (2021 жылғы 26 қарашаға дейін);
  • екінші кезең: Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығының жеңімпаздарын анықтау. Үміткерлер комиссия алдында өз саласы бойынша жасаған нәтижелі жұмысын және жетістіктері туралы баяндайды  (2021 жылғы 29 қараша);
  • үшінші кезең: Жалағаш ауданы әкімінің «Жалын» жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау (2021 жылғы 7 желтоқсан).

4. ӨТКІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ

         1. Бастапқы кезең.

Байқауды өткізу және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында 2 (екі) апта бұрын жарияланады.

         2. Негізгі кезең.

Байқауға қатысушылар жазбаша нысандағы өтініш және материалдарын электрондық немесе қағаз түрінде Ұйымдастырушыға ұсынады.

Байқауға үміткерлердің материалдары Ұйымдастырушының мекен-жайына келіп түседі.

Ұйымдастырушы Сыйлықты тағайындауға 5 күн бұрын материалдарды әр номинация бойынша бөліп, тізімін қалыптастырады және Комиссияның қарауына ұсынады.

Комиссия өз жұмысының нәтижелері бойынша байқау жеңімпаздарын белгілейді.

         3. Байқау бойынша номинациялардың саны 10-нан аспауы тиіс.

5.ҮМІТКЕРЛЕРДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ РӘСІМІ

1. Комиссия байқауға үміткерлерді таңдау кезінде келесі критерийлерді басшылыққа алады:

– Сыйлыққа келіп түскен өтінімдерді қарастырады;

– Төмендегі номинациялар бойынша қатысушыларды анықтайды:

1. «Білім және ғылым»

2. «Ауыл шаруашылығы»

3. «Еріктілік»

4. «Спорт»

5. «Медицина»

6. «Кәсіпкерлік»

7. «Мемлекеттік қызмет»

8. «Үздік оқушы»

9. «Мәдениет»

10. «Ерлігі үшін»

Комиссия шешім шығару барысында шығармашылық және кәсіби одақтардың, қоғамдық бірлестіктердің пікірін ескеруге құқылы.

Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және оған Комиссия мүшелерінің жалпы санынан басым бөлігі дауыс берсе, қабылданған деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім хаттамамен ресімделеді.

Комиссия шешімі қайта қарастырылмайды.

6. КОМИССИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

1. Комиссия:

  • Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасауға;
  • Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;
  • Байқау нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.
  • Үміткерлер арасында кез келген бір номинацияға құжат өткізбеген немесе сол номинацияға лайық деп комиссия таппаған жағдайда, бір номинацияға екі үміткерді өткізуге құқылы
  • Комиссия:
  • Ұсынылған жұмыстар осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген  жағдайда, үміткерді конкурсқа қабылдамауға;
  • Келіп түскен материалдарға баға беруге;
  • Сыйлықты тағайындай отырып, конкурс қорытындыларын шығаруға;
  • Комиссия мүшелері өз өкілеттігін теріс пайдаланғаны анықталған жағдайда Сыйлық беру қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.

7. ҮМІТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

1. Үміткер:

Байқауды өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

Ұйымдастырушылардан осы Ереженің тармақтары бойынша түсіндірме алу үшін жүгінуге құқылы.

Осы Ереженің талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды уақытылы ұсынуға;

Осы Ережеде көзделген шарттарды сақтауға міндетті.

Үміткер материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін, сондай-ақ осы Ережеде белгіленген шарттарды сақтамағаны үшін жауапты болады.

8. БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАРДЫҢ ТІЗІМІ

  • Жұмыс орнынан /оқу орнынан/ саласы бойынша мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардан ұсыным хаттары (қол жеткізген жетістіктері мен марапаттарын көрсете отырып);
  • Түйіндеме (қазақ және орыс тілдерінде, 3*4 фотосуретімен);
  • Жұмыс орнынан (тұрақты жұмыс орны болса) /оқу орнынан/ мектебінен анықтама;
  • Өмірбаяны;
  • Орта, арнаулы орта немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
  • Жетістіктері (алғыс хаттары, мақтау қағаздары, дипломдары және т.б) сканер арқылы жасалған көшірмелері;
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша өткізген, қатысқан шаралар жайлы мәлімет, жарияланған мақалалар, жүзеге асырған жобалары және басқа да ұсыныс, кепілдеме хаттары;
  • 10*15 фотосуреті (1 дана, электронды нұсқасымен);
  • Жеке куәлігі (көшірмесі).
  • Құжаттар беттеліп, бекітіліп ұсынылуы қажет (портфолио түрінде).

Қосымша ақпаратты Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі №11 үйде орналасқан «Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен алуға болады.

Байланыс телефондары: 8/724 31/ 32-4-46.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!