Жастар ресурстық орталығында «Жауқазын жүрек» І облыстық (өңірлік) жас ақындардың шығармашылығын дамытуға арналған көшпелі әдеби алаңының алғашқы шарасы өтті.

Жас ақындардың шығармашылық ортасын қалыптастырып, шығармашыл жастардың жан-жақты дамуына қолдау көрсету мен бағыт-бағдар беруді мақсат еткен әдеби алаңда «Құрмет» орденінің иегері Мамыр Байдәулетов, «Ақмешіт жастары» газетінің бас редакторы Айдар Сайлауов,  Республикаға белгілі ақын Ақжол Түменбай оқушылармен бірлесе отырып, топтарға тәлімгерлік жасады.

Кезеңдерден сүрінбей өтіп, өн бойы оза шапқан үздік жас ақындар түрлі номинацияларға ие болды:
🔰«Жас талапкер» – Арал ауданы №20 мектеп, 9-сынып оқушысы Бауыржанқызы Ханшайым;
🔰«Жаңа талант» – Арал ауданы №98 мектеп, 7-сынып оқушысы Сәмит Сахи;
🔰«Жас жүйрік» – Қармақшы ауданы №99 мектеп, 9-сынып оқушысы Нурадин Тоғжан;
🔰«Семсер» – Қармақшы ауданы №85 мектеп, 10-сынып оқушысы Жалғасбаев Еркебұлан;
🔰«Нәзік» – Сырдария ауданы №37 мектеп, 11-сынып оқушысы Мұратова Шырын;
🔰«Қыран» – Қызылорда қаласы №189 мектеп, 11-сынып оқушысы Бектай Ұлықбек;
🔰«Көзайым» – Қызылорда қаласы №143 мектеп, 11-сынып оқушысы Өмірбек Нұрасыл;
🔰«Дарабоз» – Жаңақорған ауданы №195 мектеп, 10-сынып оқушысы Абдуллаев Мұхамедәлі;
🔰«Жас дарын» – Шиелі ауданы №155 мектеп, 11 сынып оқушысы Қалиев Мақсат;
🔰«Оқырман көзайымы» – Сырдария ауданы №132 мектеп, 6-сынып оқушысы Батырбек Диана.

Әдеби алаң соңында көшпелі «Жауқазын жүрек» эстафеталық статуэткасы жеребе алу реттілігімен Шиелі ауданына табысталды. Осы тәріздес шаралар әдебиеттің атаулы жанр түрлері бойынша ұйымдастырылып, барлық аудандарда шығармашыл балаларды күтетін болады.

Ескерте кетсек, маусым айында Қызылорда облысы орталығында көшпелі әдеби алаңының өрен жүйріктерінен жасақталған «Жауқазын жүрек» қорытынды фестивалі өткізіледі деп жоспарлануда.

Өңірдегі алғашқы көшпелі алаңның қадамы құтты, жас өрендер үшін берері мол болғай!

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!