Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Гүлназ Тағыберген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының республикалық кезеңінен 1-орын иегері атанды. Сайыстың қорытынды кезеңі 26 ақпан – 1 наурыз күндері Тараз қаласында өткізілді.

Бұл жобаны Гүлназ биология пәні мұғалімі Мөлдір Жандосқызының кеңесімен бірге таңдаған.

Қазіргі таңда қыз-келіншектер үй жағдайында косметикалық өнімдерді жасай бермейді. Дегенмен кәдімгі күріштің адам ағзасына пайдасы мол. Күріш ұнтағынан, қайнатпасынан бетке арналған маска, скраб, крем, шашқа спрей, тонер, сарысу, энзимді опа, ваннаға арналған бомба, сабын түрлерін жасаған. Дақылдың құрамында шаш, тырнақ және теріге оң әсер ететін дәрумендер, аминқышқылдар мен микроэлементтер бар.

Бұл экоөнімдердің ерекшелігі ол терінің кез келген түріне сәйкес келеді. Күріш ұнтағы терінің қызметін жақсартуға көмектеседі, тазарту үшін қолданылады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!