Осы жылдың 17-18 шілдесінде Белоруссияның Витебск қаласында 30 жылдық мерейтой аясында «Славян базары» халықаралық фестивалі өтті. Музыкалық конкурсқа Сыр елінің перзенті, бриллиант дауысты әнші жерлесіміз Дінмұхаммед Төлеубай қонақ ретінде шақырылды. Ол аймақ басшысының қолдауымен «Славян базарына» барып, өнер көрсетті.

Сыр топырағынан шыққан Димаштай жас өнер иесіне шығармашылық табыс тілейміз. Халықаралық ән байқауларында бағың жанып, өнері өрге жүзсін! Талай ән додаларында оза шапсын! Қазақтың атын танытар, әлемді мойындатар талант иесі болуыңа тілектестігімізді білдіреміз. Айта кетейік, Дінмұхаммед Төлеубай – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері болған Қаракөз Ақдәулетованың шәкірті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!