Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде түрлі мотиватор- коучтар мен тренерлер көбейді. Олар «Бақытқа жеткіземін, табысқа жету жолдарын көрсетемін, мәселеңді шешемін» -деп жарияға жар салып, жарнама жасайды. Алдымен тегін кеңес беріп, кейіннен көпшілік қауымға  білімдерін ақылы негізде ұсынады. Әртүрлі тақырыптағы семинар-тренингке қатысып, өзінің жеке даралық ойлауы мен сенімін, қабілеттерін, көзқарасын өзгертіп жатқандары бар. Алайда әртүрлі мамандардың сабағына қатысқан кей қыз-келіншектерайналасындағы жеке тұлғаларды жоғары бағалап, солардың пікіріне ғана сүйеніп, өз ойын іркіп қалуы жиі ұшырасып жатады. Яғни    өзгенің нұсқаулығымен  жүріп, өзіндік менін жоғалтып алу жағдайы бар.

«Әдемі болып көрінгенге сене берме. Егер ол туралы білмесең, кейін өкінесің»- деген ағылшынның  халық даналығын негізге алатын болсақ барлық ақпаратты ой елегінен өткізіп, дұрысын қабылдауды үйренген абзал.

Жеке тұлғаның өзіндік  сенімі, өмірлік мәселелерді шешуі білім мен іскерлікті қажет етеді.

Осы тұста көптеген тренингтерге қатысып, оны қабылдап, тыңдап, өзін өзгелермен салыстырып,  нәтиже көрсетпегеніне налып, жүрген жандар көбеймесе азаяр емес.Оларға ұлт мақтанышы Бауыржан Момышұлыныңсөзімен «Сен-ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың,сондықтан өзіңе ғана сен,»  – деп айтқым келеді. 

Сенім – әрбір жеке тұлғаның өмірлік ұстанымын анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Дұрыс сенім – дұрыс іс-әрекет кепілі. Адам мұраты – адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары мен өмірге ұмтылуы, талаптануынан бастау алады.

Өзіңе сенімді тұлғаның жеке пікірі болады, өз сезіміне сене алады.Рим философыСенека «Бәрінен де күшті адам – өзіне өзі сенетін адам» – деген болатын.

Өз – өзіне сенімділік – бұл жеке адамның өз дағдылары мен қабілеттеріне оң баға беру, бойымызда өзіміз білгеннен де жоғары қасиет бар екендігіне сену кез-келген тұлғаға күш береді.

Шынайы бақыттың сыры – сенім күші. Сенім- адамдарға деген қарым-қатынас тудырады, ақыл – ойды тыныштандырады және жаныңды жай таптырып, күдіктен, мазасыздықтан, үрейден арылтады.

Сөз соңында айтарымегер өмірде өзіңе-өзің сенімді болғың келсе, қиындықтармен бетпе-бет кездесуден қорықпа,батыл бол,жеңіл жолмен жүруге әдеттенбе.Ол кезде бірінен соң бірмәселе туындап кетеді, өзіңмен-өзің әлектене бересің. Сондықтан өмірдің қиындығын толеранттытүрде қабылда. Жеңіл жол іздеме, қиындықпен күрес. Осының өзі саған өзіңе деген сенімділік әкеледі.Қазақта «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген жақсы сөз бар.

Ұлы ақын Абай Құнанбаев  айтқандай «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап». Сондықтан өзіңнің біліміңе, еңбегіңе ғана сену қажет.

Қарлығаш Қойшыбаева

психолог

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!