Қала жастары арасында волонтерлықты насихаттау және волонтерлық туралы оң пікір қалыптастыру мақсатында Қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Бізбен бірге» Қоғамдық Қоры мен Қызылорда қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «BIRGEMIZ» бейне конкурсы ұйымдастырылуда.

  Қатысушылар волонтерлық ұйым немесе топ жұмысы, «Волонтер деген кім?!», волонтер болуға насихаттайтын бейне роликтерін ұсына алады.

Конкурсқа қаланың 14-29 жас аралығындағы кез келген жас қатысады;

Қатысуға ниетті жас 2020 жылдың 13-ші қараша күніне дейін          bizbenbirgeqq@gmail.com электронды мекен-жайына бейне ролик жолданылуы тиіс;

Бейне презентация 2-5 минут болуы тиіс

Сыйлықтар қоры 1 орын 15.000 тг, 2 орын 10.000 тг, 3 орын    5.000 тг.

Барлық сұрақтар бойынша:8-747-530-85-79