Достық үйінде «Еріктілер – ел жанашыры» атты волонтерлер жылының қорытынды кездесуі өтті.

 Оған Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы волонтерлер қозғалысы орталығының жетекшісі Ильдар Гафуров, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және Назарбаев зияткерлік мектебінің волонтерлері қатысты.

– Еріктілік – бұл қоғам үшін, ел үшін адал еңбек. Жақсылық жасау арқылы біз бір-бірімізге жақындай түсеміз,  бірігеміз. Яғни игі істер біздің мәдени бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіндей. Бұл бастама ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайту үшін қажет. Бізде осы ізгі бағытты ұстанып, қарекет қылуға әрдайым әзірміз, –деді орталық жетекшісі И.Гафуров.

Келелі кездесуде орталықтың волонтерлері ой-пікірлерін ортаға салып, алдағы атқарылар жұмыстарын ақылдасты.

  «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрайымы, волонтер Алина Новикова «Біз өз тарапымыздан мұқтаж жандарды ынталандыру, жігерлендіру бағытында түрлі дәрістер, тренингтер, кездесулер өткізіп келеміз. Осы орайда әрбір бастаманы қолдап, волонтерлар жұмысын жандандыруға атсалысып отырған облыстық ассамблеяға алғысымды білдіремін, – деді.

Шара соңында волонтерларға алғыс хат табысталды.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!