5 – желтоқсан «Халықаралық волонтерлар» күніне орай өткізілетін «Ерікті жандар ерлігі» атты суретшілер байқауының
ЕРЕЖЕСІБайқауды ұйымдастырушы: Қызылорда облысының «Волонтерлар Фронт Офисі». Байқаудың мақсаты – еріктілердің еңбегін көпшілікке үлгі ретінде насихаттау.
Байқауды өткізу тәртібі мен шарттары: Байқау Қызылорда облыстық «Волонтерлар Фронт Офисінің» Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жүргізіледі.Қатысушылар тақырып аясындағы суреттерін толық аты-жөнін көрсете отырып, bota9501@mail.ru электронды поштасына жолдайды. Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желісіндегі Қызылорда Облыстық «Волонтерлар фронт-офисы» парақшасын белгілей отырып, жариялауы қажет.Суретшінің тақырыпты аша білуі, өзіндік идеясы, шеберлігі мен әр бояуды үйлесімді орналастыруы ескеріледі. Суретті өз қалауы бойынша кез келген құрал-жабдықпен салу қажет.Екінші кезең бойынша материалдар іріктелген ұздік туындылар арқылы, 28 қараша күні Facebook әлеуметтік желісіндегі Қызылорда Облыстық «Волонтерлар фронт-офисы» парақшасынан жарияланады.Байқауға материалдарды жіберу мерзімі: 16-26 қараша аралығы.Байқаудың екінші кезеңі: 28 қараша-2 желтоқсан күні 22:00-ге дейін өтеді.Қазылар алқасы және жеңімпаздарды анықтау:Қазылар алқасы байқауға қатысушылардың жұмыстарын сараптап, үздік І, ІІ, ІІІ орын иелерін анықтайды.Қазылар алқасының құрамын ұйымдастырушы тарап анықтайды. Қазылар алқасының шешімі талқыланбайды.Қазылар алқасының шешімімен үздіктер марапатталады.Қосымша сұрақтар бойынша 8 702 842 93 02 (Нұрлытаң) нөміріне хабарласуға болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!