Облыстық Jas Otan Жастар қанаты Сыр жастарына қатысты мәселерді ашық талқылап, шешу механизімдерін ұсынып келеді.

Осы уақытқа дейінгі ұйымның жұмыстарын қорытындылау және алдағы жұмыстарды айқындау мақсатынды  Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XV конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысына Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Төрешова  Ләйлә Бегалықызы, Nur Otan партияішілік праймериз жеңімпаздары, Jas Otan Жастар қанаты аумақтық бөлімше жетекшілері, серіктестері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конференцияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. 

1.      Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының атқарған жұмыстары бойынша есебі;

2.      Jas Otan Жастар қанатының 2025 жылға дейінгі                       «Jastar Otanga!» бағдарламасын талқылау;

3.      Jas Otan Жастар қанаты V сьезді делегаттарын сайлау.

Jas Otan Жастар қанаты Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әлішер Серікұлы Қардашов 2020 жылдың атқарылған жұмыстары тоқталып өтті.

  • Облыс бойынша «Jas Otan» Жастар қанаты 7 аудандық, 2 қалалық бөлімшесі бар. Бастауыш бөлімшелердің жұмыстарын жүйелеу мақсатында жүргізілген  актуализация  жұмыстары нәтижесінде 13 мыңға  жуық жасотандықтар саны  7 256-ға, бастауыш бөлімшелер саны 178-ден  93-ке қысқартылды.

Jas Otan Жастар қанатының ағымдағы іс-шараларына сәйкес  нәтижелі жұмыстарды жүргізіп келеді.  Елбасының тапсырмасы бойынша «BIZ BIRGEMIZ» акциясы аясындаоблысымызда 500-ге жуық жасотандық ерікті түрде қызмет атқарды.

«Jas Otan» ЖҚ студенттердің өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында өңіріміздегі  ЖОО және ТжКБ жанындағы 11 студенттік жатақханаға және 3 жатахқана нысандарына жүйелі мониторинг жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы партиялық бақылау комиссиясы отырысына ұсынылу жоспарлануда.

4 негізгі бөлім бойынша Jas Otan ЖҚ облыстық стратегиялық жоспар әзірленді.Қазіргі таңда біздің инициативамызбен 4 жоба жүзеге асырылып келеді.

Әлеуметтік желідегі жұмысымыз негізгі 4 рубрикаларға негізделген. Олар тұрақты түрде жарияланып, облыс жастары туралы, түрлі сала қызметкерлерінің кеңесі, жастарға қызықты ақпараттар жарияналып тұрады, – деді Ә.Қардашов.

Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ләйлә БегалықызыТөрешова өз сөзінде:

Жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Бес жыл қатарынан жүзеге асырылып келе жатқан«Jastar Otanga – 2025» бағдарламасын түсіндіру  мақсатындағы өткізілген кездесулерде жастар тарапынан 355 ұсыныс жинақталды. Түрлі бағыттар бойынша жинақталған ұсыныстарды жауапты мамандармен саралау нәтижесінде көрсеткіштер (индикатор)  саны – 21 және 72 іс-шара кешенінінен  тұратын  «Jastar Otanga – 2025»  облыстық  жол картасы әзірленді. Nur Otan партиясы әркез жастарға көңіл бөліп келеді. Сіздерге артылып отырған сенім мен үмітте жоғары, – деп түйіндеді.

Сонымен қатар, Nur Otan партиясының «ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!» сайлауалды бағдарламасында жастардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған мүмкіндіктермен таныстырып өтті.

Конференция соңында желтоқсан айында өткізілетін «Jas Otan» Жастар қанаты V сьезінің қатысушы делегаттары мен шақырылған қонақтар тізімі жарияланды.

Күннің екінші бөлігінде Jas Otan Жастар қанаты аумақтық  бөлімше жетекшілері мен белсенділеріне сайлауалды жұмыстар түсіндіріліп, оқыту жұмыстары жүргізілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!