Республика бойынша 3 мыңға жуық адамға грант беру жоспарланып отыр.

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін business.enbek.kz порталында 15 мамырдан бастап грантқа өтінім қабылдау басталады. 

Республика бойынша екінші лекте 2697 адамға грант беру жоспарланып отыр.

Грант сомасы 400 АЕК-ке тең

«Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті бастауға және дамытуға қайтарымсыз берілетін бастапқы капитал. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Грант қаражаты ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!