Қала әкімінің қолдауымен көңілді тапқырлар алаңы жобасының республикалық финал сайысы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің және «Қызық Орда» шығармашылық топ» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті. 

         Көңілді тапқырлар алаңы жобасының аясында финалға 5 команда жолдама алып, бақ сынады. Олар: «Нағи Ильясов» құрамасы (Нағи Ильясов ауылы), С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеті «Аграрка қыздары» (Нұрсұлтан қаласы), «Шиелі» құрамасы, (Шиелі ауданы), «Мәдениет жігіттері» командасы, (Жамбыл облысы), Тараз қаласы, Нархоз колледжі  «Тәтті» құрамасы (Алматы қаласы).

         Сайысқа түскен командаларға төрелік еткен қазылар алқасының құрамы:

  • Қала әкімінің орынбасары – Асқарбек Темірбекұлы
  • «Арал-Ас» командасы – Ақылбек Искендіров
  • Әзіл ысқақшы, сатирик – Боранбаев Құрманбек
  • «Арал-Ас» командасы – Төребек Дармағанбетов
  •  «Қорқыт құрамасы» командасы – Асылхан Дүкенбаев

Сайыстың нәтижесі бойынша:

  • І орын  «Шиелі» құрамасы, (Шиелі ауданы),
  • ІІ орын С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеті «Аграрка қыздары» (Нұрсұлтан қаласы),
  • ІІІ орын «Мәдениет жігіттері» командасы, (Жамбыл облысы, Тараз қаласы),
  • «Үздік ойыншы» С.Сейфуллин атындағы агро-техникалық университеті «Аграрка қыздары» (Нұрсұлтан қаласы).

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!